Түнгі уақытта құрбысымен сөйлесу үшін ұялы телефонды мекеме аумағына кіргізбек болған сотталған азамат ұсталды

    Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі ең төмен мекемесінде ұялы телефонды заңсыз кіргізу әрекетінің жолы кесілді.

    Жазасын есірткі заттарын таратқаны үшін өтеп жатқан 25 жастағы сотталған азамат жұмыстан қайтып келе жатқан кезде мекеме аумағына ұялы телефон алып кіруге әрекет жасаған. Ол телефонды аяқ киімінің ішіне жасырып өткізбек болған. Алайда режим бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында бұл құқық бұзушылық дер кезінде анықталып, оның жолы кесілді.

    Түсіндіру барысында сотталған азамат ұялы телефонды түнгі уақытта құрбысымен сөйлесу үшін пайдаланбақ болғанын айтты.

    - Тыйым салынған заттарды кіргізу және сақтау жазаны өтеудің белгіленген тәртібін өрескел бұзу болып табылады. Аталған құқық бұзушылық бойынша сотталған азаматқа қатысты жазаның түрін қауіпсіздігі ең төмен мекемеден қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстыру туралы сотқа материалдар жолданды. Қалған жаза мерзімі – 3 жыл 2 ай, — деді режим бөлімінің бастығы Думан Бексолтанов.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары