Бұл күнді барша қазақ халқы аңсап, армандаған. 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің шешімімен Қазақстан Егемендігі туралы декларация қабылданды. Мемлекет басшысы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын бастады. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан жеке мемлекет болып таныла бастады. Өзінің жеке территориясы мен діні, тілі, азаматтығы бар елге айналып, Қазақстан Республикасы бой көтерді. Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, мемлекеттік Туы мен Әнұраны бар жеке ел болып әлем картасында орын алды. Еліміз өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек.Республика күні – біздің мемлекеттілігіміздің белесі, тәуелсіздіктің қасиетті жолы. Бұл мереке арқылы өткенді бағалап, болашаққа сеніммен қарайық.Адамзаттың парызы туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Жаны жайсаң азат елім, қазағым көк туымыз көгімізде желбіреп, әр бір күніміз шаттыққа толы болсын, 25 қазан Республика күні құтты болсын!
Республика күні — ұлттық мереке.
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Астанада Республика күні қарсаңында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды
Астана қаласының әкімдігіАшу
*Қаратал ауданының балуандары облыстық турнирде топ жарды!*
Жетісу облысы Қаратал ауданы Айту би ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Абай облысы Полиция департаменті ескертеді!
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Заңдылық пен азаматтардың құқықтарын қорғау — басты міндетіміз
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіАшу
АБАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!
Абай облысының Полиция департаментіАшу

