Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
Ағымдағы жылғы 20 қазанда Халықаралық аспаздар күніне және қоғамдық тамақтану саласы қызметкерлерінің күніне орай Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі базасында «Аспаз» мамандығы бойынша өз маманының шеберлерін марапаттау рәсімі өтті. Петропавл, Айыртау және Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының аспаздары Солтүстік Қазақстан облысы рестораторлары мен отельерлері қауымдастығының Алғыс хаттарымен марапатталды, олар аталған орталықтарда тұратын қызмет алушылардың тамақтануын ұйымдастыру және оларға тамақ дайындаумен айналысады. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.









