«Парыз 2026» конкурсын өткізу туралы

    Қазақстанда жыл сайынғыБизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының екінші (республикалық) кезеңі өтуде. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес өткізіледі.

    Конкурсқа біздің облыстан 19 кәсіпорын қатысуда. Біздің номинанттар«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт, «Экологияға қосқан үлесі үшін»,«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы»номинацияларына үміткер.

    Бұған дейін облыстық кезеңнің жеңімпаздары Дипломдармен марапатталған болатын, ал бірінші орын алған алты кәсіпорынға облыс әкіміөз қолынанДипломдар мен естелік мүсіншелертабыстады. Салтанатты рәсім Еңбек күнін мерекелеу аясында өтті.

    Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары ағымдағы жылғықараша-желтоқсан айларында анықталады.

    Аймақтық іріктеуден мүдірмей өткен үздіктерді тағы да жеңістерімен құттықтаймыз! Кәсіпорындарымыздың республикалық додада топ жарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне тілектеспіз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары