Сараптамалық пікірталас анонсы: «Арал теңізі бассейнінің болашағы — жаңа тәсілдер мен практикалық шешімдер»

    «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) негізгі жобалары мен бағдарламаларына, оларды іске асырудың практикалық нәтижелеріне, сондай-ақ су дипломатиясы мен Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арналған сараптамалық пікірталасқа қатысуға шақырады.

    Кездесу барысында келесі негізгі тақырыптар егжей-тегжейлі қарастырылады: • Қазақстан Республикасының ағымдағы төрағалығы кезеңінде (2024–2026 жж.) ХАҚҚ іске қосқан жобалар мен бағдарламалар; • Арал теңізі бассейніндегі экологиялық дағдарысты еңсеру бойынша қолданылатын шаралар мен практикалық нәтижелер; • су дипломатиясы және халықаралық су құқығы өңірлік өзара іс-қимыл құралы ретінде; • Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын кеңейтудің "саяси" аспектілері мен тетіктері.

    Іс-шара спикері: Бекмағанбетов Серік Әбдірахманұлы — Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) Атқарушы комитеті Төрағасының орынбасары, ХАҚҚ Атқарушы комитетіндегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі, заң ғылымдарының кандидаты.

    Өтетін күні: 2026 жылғы 30 қараша

    Уақыты: 15:00 (Астана уақыты бойынша)

    Форматы: онлайн (Zoom платформасы)

    Іс-шараға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша алдын ала тіркелуден өту қажет: https://forms.gle/DDqGcCrKLrqvX7A86

    ❗️ Назар аударыңыз: Zoom-ға қосылу сілтемесі тіркелген қатысушыларға көрсетілген электрондық пошта мекенжайлары бойынша қосымша жіберіледі.

    Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық поштаға хабарласуға болады: [email protected]

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" жаңалықтары