2026 жылғы 5 қарашада Алматы қаласында «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы Нұрғали Арыстанов КИМЭП университетінің студенттері үшін «Қазақстанның халықаралық даму саласындағы ынтымақтастықтағы рөлі» тақырыбында қонақтық дәріс өткізді.
Дәріс барысында Нұрғали Арыстанов халықаралық даму саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, өңірдің тұрақты дамуына бағытталған Агенттік бағдарламалары, сондай-ақ даму мақсатындағы ынтымақтастықтың перспективалары туралы ақпарат берді.
Халықаралық даму тақырыбы аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Іс-шара соңында дәріс халықаралық даму және ынтымақтастық мәселелері бойынша мазмұнды пікірталас түрінде жалғасты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









