Бүгін аудан әкімі Қайрат Ақшолақ 8 қараша – Статистика күніне орай Шалқар аудандық статистика басқармасының қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесу барысында аудан басшысы статистика саласының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаудағы және мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды рөліне тоқталды.
– Статистика – кез келген саланың нақты жағдайын көрсететін, даму бағыттарын айқындауға негіз болатын маңызды жүйе. Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдау, алдағы жұмыстарды жоспарлау және тиімді шешімдер қабылдау үшін сіздердің еңбектеріңіздің маңызы зор. Сондықтан статистикалық мәліметтердің нақтылығы мен сапасы әрдайым басты назарда болуы тиіс. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, жауапты қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді аудан әкімі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









