KazAID Басқарма Төрағасы Нұрғали Арыстанов JICA өкілдерімен ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

    1 / 2

    2026 жылғы 6 қарашада «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы Нұрғали Арыстанов Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Шығыс және Орталық Азия мен Кавказ департаменті Орталық Азия және Кавказ басқармасының үйлестірушілері Иваи Сакура және Такасака Мунеомен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында екі агенттік арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы және өңірдегі даму мақсатындағы бірлескен жобаларды ұйымдастырудағы жетістіктер ерекше атап өтілді. Атап айтқанда, ағымдағы жылы тараптар Алматы қаласында Орталық Азия үшін табиғи апаттардың қауіп-қатерін төмендету және тұрақтылықты арттыру жөніндегі өңірлік семинарды, сондай-ақ Талас және Бішкек қалаларында кәсіпкерлікті дамыту бойынша семинар ұйымдастырды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар даму мақсатындағы әрі қарайғы ынтымақтастықты жалғастыру ниетін және ресми дамуға көмек (РДК) саласында тәжірибе мен білім алмасуға өзара мүдделілігін растады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" жаңалықтары