Кентіміздің көркіне көрік қосып, экологиялық ахуалын жақсарту – ортақ міндетіміз.
Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақжал кенті, Ықшам ауданындағы №3 және №4 көпқабатты тұрғын үйлердің алдында орналасқан Аллеяда кезекті абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Бүгін аталған Аллея бойына жаңадан отырғызылған көшеттерді суару және күтіп-ұстау жұмыстары ұйымдастырылды. Егілген әрбір ағаштың тамыр алып, өсіп-өнуі үшін уақтылы суарудың маңызы зор.
Ауылдастарымызды туған өлкеміздің тазалығы мен жасыл желегін сақтауға, айналамызға ұқыптылықпен қарауға шақырамыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




