«Таза Қазақстан» акциясы – әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі мен патриотизмінің нақты көрінісі.

    Қоршаған ортаны қорғау тек мемлекеттік мекемелердің немесе коммуналдық қызметтердің ғана міндеті емес, бұл – туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігімізді көрсететін ортақ іс. Көшелердің тазалығы, аулалардың көркі, табиғатқа деген ұқыпты көзқарас – біздің мәдениетіміздің айнасы.
    Әрқайсымыз күнделікті өмірде тазалықты сақтап, қоршаған ортаға жанашырлық танытсақ, бұл игі бастама ұлттық сананы жаңғыртатын үлкен қозғалысқа айналары анық. Туған өлкемізді таза ұстап, келешек ұрпаққа көгалданған, әсем де қауіпсіз орта қалдыруға бәріміз бірдей үлес қосайық!
    Тазалық – саналы өмірдің, жарқын болашақтың негізі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары