Республика күні қарсаңында және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шет ауданы Ақжал кентінің кіре берісінде заманауи саябақтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ауыл ажарын кіргізіп, тұрғындардың демалыс орнына айналатын жаңа саябақтың ашылуына Шет ауданы әкімінің орынбасары Д.Қ.Карсембаев, Ақжал кентінің әкімі Е.Б.Әбдірәсіл, жергілікті мекеме қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен белсенді жастары қатысты.
Іс-шара барысында:
Мәдени бағдарлама: «Шұғыла» мәдениет үйінің жас өнерпаздары өздерінің әуелеген әндерімен жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ауылшаруашылық жәрмеңкесі: Саябақ маңындағы алаңда күзгі жәрмеңке ұйымдастырылып, тұрғындарға жаңа жиналған жеміс-жидектер, көкөністер, кептірілген жемістер мен сапалы ет өнімдері қолжетімді бағада ұсынылды.
Жаңадан ашылған саябақ — кент көркіне көрік қосып қана қоймай, тұрғындардың, әсіресе жастар мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жайлы мекен болмақ. Жаңа нысан құтты болсын!!!




