Шет ауданы Ақжал кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жергілікті тұрғындармен кезекті түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері түсіндірілді. Тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру парақшалары таратылып, заң талаптарын қатаң сақтаудың маңызы айтылды.
Басты мақсат — азаматтық жауапкершілікті күшейту, ашықтық пен адалдық қағидаттарын орнықтыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету.
Адал қоғам мен қауіпсіз болашақты бірге құрайық! Заң мен тәртіп — әрбір азаматтың басты ұстанымы болуы тиіс!




