Жасыл желек — ауыл ажары!

    ​«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кентіміздегі көпқабатты үйлердің арасындағы аллеяда ағаш отырғызу жұмыстары өтті.

    ​Бұл игі бастамаға ауыл тұрғындары белсене қатысып, ортақ мекенімізді жасыл елге айналдыруға өз үлестерін қосты. Аула ішіндегі аллеяға шырша талдары отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

    ​Отырғызылған әрбір тал — келешекке тасталған жасыл желек, өскелең ұрпаққа қалдырар таза ауа мен көркем табиғат. Бұл ағаштар уақыт өте келе саялы баққа айналып, тұрғындардың сүйікті демалыс орны болады деген сенімдеміз.

    ​Туған жерге деген жанашырлық пен бірлікті көрсете білген барша тұрғындарға алғыс білдіреміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары