Өмірлік тәжірибесі мол, парасаты биік аға буын – әрбір шаңырақтың берекесі мен жүрер жолымыздың темірқазығы. Ақжал кентінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай дәстүрлі «Қарттарым – Қазынам» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Кент әкімдігінің ұйытқы болуымен және «Nova-Цинк» кәсіпорнының демеушілігімен ұйымдастырылған мерекелік дастарқан «Әмір» тойханасының кіші залында жайылды.
Салтанатты кеште кент әкімі Е.Әбдірәсіл, аудан Мәслихатының депутаты М.Нокешов, кәсіпорынның әлеуметтік және әкімшілік сұрақтар бөлімінің басшысы М.Молыбаев мәнді де мағыналы жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдіріп, мереке иелерін құттықтады.
Кештің концерттік бағдарламасын Ажибжан Жанасбаев ағамыз бастаған кентіміздің «Шабыт» ансамблі ашып, өңір әншілері әуелеген әнмен жалғастырды. Мереке иелері де шет қалмай, шырқап ән айтып, би билеп, ерекше көтеріңкі көңіл-күй кешті.
Ыстық ықылас пен шынайы құрметке толы болған бұл кеш қарияларымыздың жүрегіне жылу сыйлады деген ойдамыз.
🤝 Ата-әжелерімізге мерекелік қуаныш сыйлап, демеушілік көрсеткен «Nova-Цинк» кәсіпорнының басшылығына шексіз алғысымызды білдіреміз!
Қарттарымыз аман, еліміз тыныш болсын!




