Қарттар күні мерекесі қарсаңында кентіміздің ең жасы үлкен тұрғыны, 92 жастағы Наханова Тауық апамыздың шаңырағы береке мен шаттыққа толды.
Кент әкімі Е. Әбдірәсіл, Шет ауданы мәслихатының депутаты М. Нокешов және «Шұғыла» мәдениет үйінің қызметкерлері апамыздың үйіне арнайы барып, мерейлі мерекесімен құттықтап қайтты.
Өнегелі ғұмыр кешкен кейуанамыздың иығына шапан жауып, басына ак орамал тартып, тәттілер себетін сыйға тартты. «Шұғыла» мәдениет үйі өнерпаздарының әуезді әні жүректерді тебірентіп, апамыздың ак батасын алды.
Жасы 92-ге келген Тауық апамызға бекем денсаулық, әулетіне амандық тілейміз! Ауылымыздың қариялары аман болсын!




