Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындылары шығарылды
Бүгін Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2026 жылдың тоғыз айындағы қызмет қорытындыларына арналған кеңес өтті. Кеңеске аумақтық басқармалардың басшылары, олардың орынбасарлары және бөлім басшылары қатысты.
Отырыс барысында жұқпалы аурулар, оның ішінде туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал, ерекше бақылаудағы білім беру және денсаулық сақтау объектілерін тексеру жоспарының орындалу барысы, сондай-ақ елорданың санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің бақылау-қадағалау жұмысының нәтижелері қаралды.
Қатысушылар Департамент пен аумақтық басқармалардың негізгі қызмет бағыттары бойынша атқарған жұмыстарының қорытындыларын, өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









