Астанада медициналық ұйымдардың респираторлық инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуіне дайындығы бойынша оқу-жаттығу өтті

    Астанада медициналық ұйымдардың респираторлық инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуіне дайындығы бойынша оқу-жаттығу өтті

    Астанада тұмауға ұқсас аурулары және ауыр жіті респираторлық инфекциялары бар пациенттерді анықтау және тиісті медициналық ұйымдарға бағыттау бойынша оқу-жаттығу өткізілді.

    № 5 қалалық емхана мен Қалалық инфекциялық орталық базасында пациенттерді анықтау, олардың жағдайының ауырлығын бағалау, медициналық көмек көрсету, зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материал алу және тасымалдау алгоритмдері пысықталды.

    Инфекциялық бақылау талаптарын сақтауға, жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға және медициналық ұйымдардың Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен, Ұлттық сараптама орталығының филиалымен және Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

    Оқу-жаттығудың мақсаты медициналық ұйымдардың пациенттерді уақтылы анықтауға, медициналық көмек көрсетуге, оларды тиісті медициналық ұйымдарға дұрыс бағыттауға және зертханалық қызметпен өзара іс-қимыл жасауға дайындығын бағалау.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары