Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
«Қазакстан Республикасы денсауық сақтау министрлiгiнiң Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетi Астана каласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi қоғамдық денсауық сақтау, халыктың санитариялык-эпидемиологиялык саламаттылығы, техникалық регламенттер мен нормативтiк кұжаттарда белгiленген, сондай-ақ тамак өнiмiнiң кауiпсiздiгi саласындағы талаптардың сақталуын бакылау және кадағалау салаларында басшылықты жузеге асыратын, кұзыретiнiң шегiнде қала аумағында реттеушi, iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жузеге асыратын Казақстан Республикасы денсауық сақтау министрлiгi Қазакстан Республикасы денсаулык сақтау министрлiгiнiң Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетiнің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Жаңалықтар
АшуТрансмайлар: күнделікті тағамдағы жасырын қауіп
АшуАстана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындылары шығарылды
АшуАзық-түліктегі зең: зақымданған бөлігін алып тастау жеткілікті ме?
АшуҚұтыру: өмірді сақтайтын қадамды кейінге қалдырмаңыз
АшуАстанада медициналық ұйымдардың респираторлық инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуіне дайындығы бойынша оқу-жаттығу өтті
АшуМектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Оқиғалар
Сұрақ-жауап
Елді мекендердің аумағында қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинауға және уақытша сақтауға арналған контейнерлік алаң қандай қашықтықта орналастырылады?
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен (бұдан әрі-Санитариялық қағидалар) және бейінді Санитариялық қағидалармен бекітілген Санитариялық қағидаларда айқындалған. Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес контейнерлік алаң тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар объектілерінен, спорт алаңдарынан, халықтың демалыс орындарынан кемінде 25 метр қашықтықта орналастырылады, сонымен қатар, контейнерлік алаңдарды орнату орны жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде айқындалады. Контейнерлік алаң қатты жабынмен орналастырылады және қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмайтын, бірақ кемінде 1,5 м биіктікке дейін үш жағынан қоршалады. Контейнерлік алаңдарды орнату орны жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде белгіленетінін ескере отырып, орнату жөніндегі талаптар сақталмаған кезде, қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі кезеңінде құрылыс салушы ұйым контейнерлік алаңды орнату жөніндегі талаптарды сақтамауға байланысты барлық анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті. Қалыптасқан құрылыс аудандарында, санитариялық алшақтықтарды сақтау мүмкіндігі болмаған кезде, қашықтықтар жергілікті атқарушы органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің, объектілердің меншік иелерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен комиссиялық түрде белгіленеді. Қазіргі уақытта жаңадан пайдалануға берілетін көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің аумағында жерастылық контейнерлер (молок) пилоттық жоба шеңберінде орналастылыруда. Бұл ретте, Санитариялық қағидалардың талаптарында көмілген контейнерлерді орналастыру және күтіп ұстау жөніндегі талаптар айқындалмаған.
Өткен жылдармен салыстырғанда тамақтану объектілеріне, оның ішінде тұрғын үйлерде және тұрғын үйлерге жапсарлас-жапсарлас орналасқан шағымдар санының өсуі туралы айтып беріңізші.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес тамақтану объектісін орналастыру кезінде адам денсаулығына тіршілік ету ортасы факторларының зиянды әсеріне, адам денсаулығы үшін оның тіршілік ету (тұру) жағдайларының, тамақтану объектілері орналасқан қоғамдық және әкімшілік ғимараттардағы жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының нашарлауына жол берілмейді.
Рұқсат құжаттары мен қызметтің басталуы туралы хабарламаларсыз объектілердің қызметін жүзеге асыру туралы айтып беріңіз.
Қызметті жүзеге асыруды бастамас бұрын эпидемиологиялық маңызы жоғары объектіге санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынуға тиіс; эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін қызметтің басталғаны және /немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берілуге тиіс. (Эпидемиялық маңызы жоғары және елеусіз объектілерге жататын объектілердің толық тізбесі "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығында келтірілген.»).
Мектепке дейінгі ұйымдардың типтік және бейімделген ғимараттарындағы әртүрлі жастағы топтарға арналған дәретханалық бөлмелердің алаңына қойылатын санитариялық талаптар қандай?
типтік мектепке дейінгі ұйымдар үшін дәретхана бөлмесі: мектеп жасына дейінгі топтар үшін кемiнде 16 м2 бөбектер жасындағы кемiнде 12 м2 бейімделген ғимараттарда орналасқан мектепке дейінгі ұйымдарға арналған дәретхана бөлмесі, оның ішінде сыйымдылығы 3 топқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымдарға кемiнде 8 м2
Мектепке дейінгі ұйымдардағы ойын алаңдарына қандай талаптар қойылады?
Жобалау кезінде объектілердің аумағында балалардың әрбір жас топтары үшін жеке ойын алаңдары көзделеді. Мектепке дейінгі ұйымдардағы алаңдарының көлемдері балалардың санына қарай бір орынға кемінде 4 шаршы метр болу қажет. Әрбір топтық алаңда күн мен жауын-шашыннан қорғау үшін үш жағынан қоршалған кемінде 20 м2 көлеңке қалқа көзделеді. Көлеңке қалқалардың едені ағаштан болуы көзделеді. Жыл сайын көктем мезгілінде ойын алаңдарында құмды толық ауыстыру жүргізіледі. Жаңадан әкелінетін құм паразитологиялық, микробиологиялық, санитариялық-химиялық, радиологиялық көрсеткіштер бойынша нормалау құжаттарына сәйкес келеді. Зертханалық зерттеулер нәтижелері нормалау құжаттарына сәйкес келмеген жағдайда құмды кезектен тыс ауыстыру жүргізіледі. Сыйымдылығы үш топқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымдарда серуендеуді ұйымдастыру үшін үй маңындағы аумақтағы қоршалған ойын алаңын пайдалануға жол беріледі (кесте бойынша серуендеуді ұйымдастыруға жол беріледі).
Өнімдерді (тауарларды) мемлекеттік тіркеуге не қажет?
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасы мен кедендік аумағында санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне сәйкес - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша сыныптамалық кодтары бар бірқатар топтардың тауарлары санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарлардың тізбесіне кіреді және мемлекеттік тіркеуге жатады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген өнімді мемлекеттік тіркеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган - ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүргізеді (мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10 үй). Өтініш беруші мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру үшін Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады: - өтініш; - Кеден одағының аумағында дайындалатын өнім үшін өтініш беруші куәландырған, мемлекеттік тіркеу жүргізілетін Тараптың заңнамасына сәйкес куәландырылған өнім (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрам туралы мәліметтер) дайындалатын құжаттардың көшірмелері; - бақылаудағы өнімді қолдану (пайдалану, пайдалану) жөніндегі дайындаушының құжаты ( нұсқаулық, басшылық, регламент, ұсынымдар) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі; - өтініш беруші куәландырған бақылаудағы өнімге арналған заттаңбалардың (орамалардың) көшірмелері немесе олардың макеттері; - үлгілерді (сынамаларды) іріктеу актісі; - дайындаушының өзі дайындаған өнім оған сәйкес дайындалатын құжаттардың талаптарына жауап беретіні туралы жазбаша хабарламасы немесе мемлекеттік тіркеу жүргізілетін Тараптың заңнамасына сәйкес куәландырылған сапа сертификаттарының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, сапа туралы куәліктің, еркін сату сертификаттарының көшірмелері (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады); - Тараптардың ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген және Кеден одағының сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген уәкілетті органдардың сынақ зертханаларының (орталықтарының) сынақ хаттамалары; - заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен немесе жеке кәсіпкерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмесі; - Кеден одағының аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін - мемлекеттік тіркеу жүргізілетін Тараптың заңнамасына сәйкес куәландырылған Кеден одағының аумағына бақылаудағы өнім үлгілерін әкелуді растайтын құжаттардың көшірмелері. Дайындаушының құжаттарын шет тілінен Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тіліне аудару мемлекеттік тіркеу жүргізілетін Тараптың заңнамасына сәйкес куәландырылуға тиіс.
Құжаттар
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар:Күләш Байсейітова атындағы «Қазақ ұлттық өнер университет» науқасқа «гепатит» диагнозы бойынша. 2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Сарайшық ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқарамасы РММ 3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)тартылған: жоқ. 4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:25.09.2026 жылдан бастап 21.10.2026 жылға дейін 5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы, Сарайшық ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекен-жайында орналасқан. 6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық бұзушылықтар анықталмады: 7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ. Қабылданған шаралар: жоқ.
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар:«Поликлиника CITY» ЖШС - нен науқасқа «гепатит» диагнозы бойынша. 2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Сарайшық ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқарамасы РММ 3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)тартылған: жоқ. 4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:22.09.2026 жылдан бастап 21.10.2026 жылға дейін 5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы, Сарайшық ауданы, А.Бөлекпаева көшесі, 5 мекен-жайында орналасқан «Поликлиника CITY» ЖШС мекемесі қарайды. 6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық бұзушылықтар анықталмады: 7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ. Қабылданған шаралар: жоқ.
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:2026 жылғы 02 қазандағы Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ғ. Қараш, 34 мекен-жайында орналасқан «Сolibri Astana» ЖШС жеке меншік бала бақшасында «Көкжөтел» жағдайы тіркелуіне № 3 шұғыл хабарлама негізінде. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы:«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):тартылған жоқ Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:05.10.2026 ж. - 22.10.2026 ж. аралығы Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ғ. Қараш, 34 мекен-жайында орналасқан «Сolibri Astana» ЖШС жеке меншік бала бақша Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:жоқ Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:Астана қаласы, Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан 2026 жылдың 21 қыркүйекте келіп түскен №711 ақпарат негізінде Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Кенесары көшесі, 60 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазтұтынуодағының жоғары колледжі» студенте туберкулездің диагнозын тіркеу фактісі. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы:«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):тартылған жоқ Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:22.09.2026 ж. - 22.10.2026 ж. аралығы Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Кенесары көшесі, 60 мекен-жайында орналасқан «Қазтұтынуодағының жоғары колледжі» мекемесі Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: шұғыл хабарлама №45 14.09.2026 жыл келіп түскен диагнозы А15.0 Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы:«Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):тартылды Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 15.09.2026 жыл- 14.10.2026 жыл Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «Дулат Бабатайұлы атындағы № 89 мектеп-лицейі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық актілерін бұзу анықталмады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Қабылданған шаралар: бұзушылық анықталмады.
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар:«Поликлиника CITY» ЖШС - нен науқасқа «қызылша» диагнозы бойынша. 2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Сарайшық ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқарамасы РММ 3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)тартылған: жоқ. 4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:30.09.2026 жылдан бастап 29.10.2026 жылға дейін 5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы, Сарайшық ауданы, А.Бөлекпаева көшесі, 5 мекен-жайында орналасқан «Поликлиника CITY» ЖШС мекемесі қарайды. 6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық бұзушылықтар анықталмады: 7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ. Қабылданған шаралар: жоқ.