Жобалау кезінде объектілердің аумағында балалардың әрбір жас топтары үшін жеке ойын алаңдары көзделеді. Мектепке дейінгі ұйымдардағы алаңдарының көлемдері балалардың санына қарай бір орынға кемінде 4 шаршы метр болу қажет. Әрбір топтық алаңда күн мен жауын-шашыннан қорғау үшін үш жағынан қоршалған кемінде 20 м2 көлеңке қалқа көзделеді. Көлеңке қалқалардың едені ағаштан болуы көзделеді.
Жыл сайын көктем мезгілінде ойын алаңдарында құмды толық ауыстыру жүргізіледі. Жаңадан әкелінетін құм паразитологиялық, микробиологиялық, санитариялық-химиялық, радиологиялық көрсеткіштер бойынша нормалау құжаттарына сәйкес келеді. Зертханалық зерттеулер нәтижелері нормалау құжаттарына сәйкес келмеген жағдайда құмды кезектен тыс ауыстыру жүргізіледі.
Сыйымдылығы үш топқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымдарда серуендеуді ұйымдастыру үшін үй маңындағы аумақтағы қоршалған ойын алаңын пайдалануға жол беріледі (кесте бойынша серуендеуді ұйымдастыруға жол беріледі).