Рұқсат құжаттары мен қызметтің басталуы туралы хабарламаларсыз объектілердің қызметін жүзеге асыру туралы айтып беріңіз.
Қызметті жүзеге асыруды бастамас бұрын эпидемиологиялық маңызы жоғары объектіге санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынуға тиіс; эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін қызметтің басталғаны және /немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берілуге тиіс. (Эпидемиялық маңызы жоғары және елеусіз объектілерге жататын объектілердің толық тізбесі "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығында келтірілген.»).