Бруцеллез – бұл қауіпті!

    Бруцеллез–бұлқауіпті!

    Аса қауіпті «Бруцеллез» ауруынан өзіңізді және өз жақындарыңызды қорғап қалуүшін келесі жағдайларды білу қажет.

    Бруцеллез – адамдар мен жануарларға жалпы, мезгілімен емделмеген жағдайдасозылмалы түрге ауысатын жедел инфекциялы-аллергиялық ауру. Аурудың белгілері 1-2 жұма, ал кейде екі айға дейін білінбейді, аурудың жасырын белгілері адам ағзасына түскен қоздырғыштардың санына, белсенділігіне және адамның қорғану қабілетіне байланысыты.

    Бұл ауру көптеген органдар мен ағза жүйелерін ауруға шалдықтыра отыра, әлсіз симптом белгілерімен байқалады. Ауру белгілері 7-10 және одан да көп күндер бойы дене қызуының 39-40 °С-қа дейін (кешке және түн мезгілдері) көтерілуінен басталады. Ем қабылдамаған кейбір жағдайларда температура 2-3 айға дейін көтеріледі. Қызбаға қоса дененің қалтырауы, тершеңдік және әлсіздік белгілері пайда болады. Әрі қарай қозғалыс аппараттарының, жүрек тамырларының, жүйке жүйелерінің және ағзадағы басқа дажүйелерде (артрит, спондилит, радикулит, менингоэнцефалит, миокардит және басқа) өзгерістер пайда болады. Дене қызуының көтерілуіне қарамастан науқастың жағдайы бір қалыпты болуы бруцеллезге сипатты.

    Бруцеллездіңболжамыөмір үшін қолайлы, алайда жүктілік кезінде бұл аурутүсік тастауға, нәрестенің өлі немесе ерте тууына әкелуі мүмкін.

    Адам үшін бруцеллез инфекциясының негізгі көзі қой, ешкі, ірі қара мал, шошқалар болып табылады. Кейбір жағдайларда инфекция көзі иттер, жылқылар, мысықтар, түбіт жүнді жануарлар да болуы мүмкін.

    Адамның бруцеллезді жұқтыру жолдары әртүрлі. Ауру жануардан, немесе шикізатпен қатынаста болған жағдайда, ауру жануардан алынған ет-сүт өнімдерін толық өңдеуден өткізбей қолданған жағдайда жұғады.

    Бруцеллезді жұқтырмау үшін қарапайым ережелерді сақтаңыздар:

    -қолдан сүт алмаңыздар, алсаңыз – қолданыс алдында қайнатыңыз;

    -барлық сүт өнімдерін(ұйыған сүт, ірімшік, айран, қаймақ, май)пастерленген сүттен дайындалғаны дұрыс;

    -базардан ет және сүт тағамдарын сатып аларда ветеринарлық зертханадан алынған сертификат сапасын сұраңыз;

    -егер алынған етіңіздің сапасына күмәндансаңыз – оны кішкентай бөлшектермен 3 сағат қайнатыңыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары