Эндуро мотоспортын ұнататындар мен райдерлердің басын қосқан ауқымды Enduro Nomad фестивалі аясында Алматы облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Есірткісіз болашақ» атты профилактикалық акция өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қоғамда есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың тыйым салынған заттарды тұтынудың зардаптары туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Фестиваль барысында полицейлер қатысушылармен және қонақтармен әңгімелесіп, есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқықтық жауапкершілік жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жастарды денсаулықты сақтауға, спортпен шұғылдануға және белсенді өмір салтын ұстануға шақырды.
Әсіресе жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға, азаматтардың есірткінің заңсыз айналымына тартылуына жол бермеуге және есірткі заттарына деген теріс көзқарасты қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды бұқаралық спорт алаңдарында өткізу кең аудиторияны қамтуға және маңызды әлеуметтік үндеулерді көпшілікке қолжетімді форматта жеткізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








