Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Жамбыл ауданының полиция басқармасы қызметкерлерімен әдістемелік сабақ өткізді.

    Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Жамбыл ауданының полиция басқармасы қызметкерлерімен әдістемелік сабақ өткізді.

    Сабақ барысында қызметкерлерге заңнама нормаларын қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету алгоритмі түсіндірілді. Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-нің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің маманы fsm.social бағдарламасы туралы толыққанды түсіндірді.

    Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстарға жол бермеу мақсатында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар санаты бойынша есепте тұрған адамдармен профилактикалық сабақ өткізілді. Оларға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ отбасылық жанжалдар туындаған немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек алу үшін Отбасын қолдау орталығына жүгіну мүмкіндігі түсіндірілді

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары