20-23 қазан аралығында Алматы облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жұмыс облыстың барлық аудандары мен қалаларында жүргізілуде. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдауда.
Мәселен, Іле ауданында бір сағат ішінде полиция қызметкерлері бірқатар өрескел құқық бұзушылықтардың жолын кесті. Барлық анықталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.
Мұндай іс-шаралар құқыққа қайшы әрекеттердің жолын дер кезінде кесуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстың басты мақсаты - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау.









