АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ ҚЫСҚЫ КИІМ ҮЛГІСІНЕ КӨШТІ

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ ҚЫСҚЫ КИІМ ҮЛГІСІНЕ КӨШТІ

    Алматы облысы Полиция департаментінде жеке құрамның саптық байқауы өткізіліп, полиция қызметкерлері қысқы киім үлгісіне көшті.

    Іс-шара барысында Департамент бастығы қызметкерлердің сыртқы келбетін, қызметтік куәліктері мен қажетті нысанды киім жабдықтарының болуын және жай-күйін жеке өзі тексерді. Сонымен қатар қызметтік автокөліктердің техникалық жағдайы мен қысқы кезеңде пайдалануға дайындығына ерекше назар аударылды.

    Бұдан бөлек, жеке құрамға «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, қызметтік тәртіпті, заңдылықты және қызметтік міндеттерді атқару кезінде кәсіби талаптарды қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.

    Мұндай іс-шаралар қызметтік тәртіпті нығайтуға, жеке құрамның ұйымшылдығын арттыруға және бөлімшелердің алға қойылған міндеттерді орындауға тұрақты дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Заң мен Тәртіп әрбір қызметкердің тәртібінен басталады!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары