2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында Іле ауданының аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ тұрғын үйлер мен аулалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тұрғын үйлер мен аулаларды аралап, тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шаралар қабылдануда.
Полиция тұрғындарды қырағылық танытуға, жеке және мүліктік қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ күдік тудыратын жағдайлар мен құқық бұзушылықтар туралы дереу хабарлауға шақырады.
Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады. Заңды сақтау және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау - әрбір тұрғынның тыныштығы мен амандығының кепілі.








