Ақкөл ауылында тұрғын үйлерге улы газ датчиктері орнатылды

    1 / 2

    Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Ақкөл ауылындағы №13 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы тұрғын үйлерге улы газ датчиктерін орнату жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, жылыту пештерін дұрыс пайдалану, электр құралдарын қауіпсіз қолдану және өрттің алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу - әр азаматтың қауіпсіздігіне қосылған маңызды үлес. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз!

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары