Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында аудандық бейімдеу орталығында «Қауіпсіздік баршаға қолжетімді» атты профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында ғимаратқа профилактикалық тексеру жүргізіліп, автоматты өрт дабылы жүйесінің жай-күйі, өрт сөндіргіштерге техникалық қызмет көрсету және оларды қайта зарядтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жылыту құрылғысына улы газды анықтайтын бір датчик орнатылды.
Бұдан бөлек, қатысушыларға «Қауіпсіздікті сезін» атты шеберлік сабағы ұйымдастырылып, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Мұндай профилактикалық шаралар өрттің алдын алуға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








