Шу қаласында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

    1 / 3

    Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және Шу қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Sultan Shipa» Шу орталығының ғимаратында өрт-тактикалық сабақ өткізді.

    Сабақ барысында шартты өртті сөндіру, ғимарат қызметкерлерін қауіпсіз эвакуациялау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және төтенше жағдай кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі пысықталды.

    Өрт-тактикалық сабақтың негізгі мақсаты – өрт кезінде жедел әрі тиімді әрекет ету дағдыларын жетілдіру, қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары