1 / 2
Мойынқұм ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Нұр-Бала орталығында «Қауіпсіздік баршаға қолжетімді» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында балаларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу әрбір азаматтың міндеті екені атап өтілді.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









