«Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында “Болашақ” мектеп-интернатында сабақ өткізілді

    1 / 2

    Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі аясында Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Болашақ» арнайы мектеп-интернатында көру қабілеті төмен балалармен профилактикалық сабақ өткізді.

    Сабақ барысында балаларға өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі, қауіпсіз эвакуациялау жолдары және төтенше жағдай кезінде сақталуы тиіс негізгі ережелер түсіндірілді.

    Мұндай сабақтар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, өрттің алдын алуға және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары