Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі аясында Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Қауіпсіздік баршаға қолжетімді» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Шу аудандық мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында балалар мен орталық қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары түсіндірілді.
Профилактикалық жұмыстар өрттің алдын алуға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








