ОТЫРАР АУДАНЫНДА «АЛТЫН КҮЗ – 2026» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

    1 / 3

    Отырар ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай дәстүрлі «Алтын күз – 2026» іс-шарасы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шараға жиналған көпшілік алаңда ұсынылған ауыл шаруашылығы өнімдерімен, техникалармен, қолөнер бұйымдарымен, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін жәдігерлермен және көркемсурет көрмесімен танысты.

    Сондай-ақ азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өнімдер тұтынушыларға нарықтағы бағадан 15–20 пайызға төмен бағамен ұсынылды.

    Салтанатты іс-шара театрландырылған көрініспен басталып, «Қырманға кел, қалқатай» әні мен биі көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлестеріне ерекше тоқталды. Сондай-ақ дала төсінде маңдай терін төгіп, ел ырысын еселеп жүрген диқандар мен мал шаруашылығы мамандарының еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін атап өтті.

    Іс-шара барысында жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар еңбек озаттары, үздік ауылдық округтер, шаруа қожалықтарының басшылары мен сала мамандары аудан әкімінің арнайы марапаттарына ие болды.

    Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының әсем әні мен күмбірлеген күйіне ұласқан концерттік бағдарламамен жалғасты.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары