ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

    1 / 4

    Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде «Білім беру жүйесіндегі этносаралық ынтымақтастықты қалыптастыру жолдары» тақырыбында семинар өтті. Жиынның мақсаты – білім беру ұйымдарында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту, жас ұрпақтың бойында өзге мәдениеттерге құрмет, отансүйгіштік және ортақ азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдарын талқылау.

    Семинарға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кафедра меңгерушілері Мәлік Сұлтанбек пен Мақпал Аңламасова, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің доценттері Мәди Бесбаев пен Алтынбай Сәулембаев қатысты.

    Қатысушылар білім беру арқылы этносаралық татулықты нығайту, мәдени әралуандылықты құрметтеу, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлін арттыру және ұстаздардың тәрбие жұмысындағы маңызы туралы ойларын ортаға салды.

    Пікір алмасу барысында қатысушылар қоғамдық келісім құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

    Семинарды Түркістан облыстық Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек жүргізді.

    Жиын қорытындысында этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуда отбасы тәрбиесі мен білім беру жүйесінің маңыздылығы атап өтілді.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары