1 / 2
2026 жылғы 3 қарашада білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау тәртібі мен біліктілік талаптарын түсіндіру бойынша онлайн-семинар өткізді. Семинарға Қостанай облысының білім басқармасының өкілдері, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлері қатысты. Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын негізгі біліктілік талаптары, лицензия алу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ лицензия алу үшін көзделген қосымшаларды толтыру тәртібі қарастырылды. Қатысушыларға тиісті түсіндірмелер беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





