Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

    Департамент туралы

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.

    Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Лицензиялық комиссиясының кезекті отырысы

    2025 жылғы 10 желтоқсанда Департаменттің лицензиялық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 21 гимназиясы» КММ жалпы орта білім деңгейлері бойынша, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК 07320300 Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері мамандығы бойынша лицензияға қосымшалар беру туралы мәселесі қаралды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 21 гимназиясы» КММ жалпы орта білім деңгейлері бойынша, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК 07320300 Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері мамандығы бойынша лицензияға қосымша беру туралы оң шешім қабылданды.

    10 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесу

    Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау жөніндегі талаптар түсіндірілді.

    28 қараша 2025 ж.Тікелей
    Әдістемелік ұсыныстар

    Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау құрылымына әдістемелік ұсынымдар

    Жарияланды:
    Әдістемелік ұсыныстар

    Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау құрылымына әдістемелік ұсынымдар

    Жарияланды:
    Әдістемелік ұсыныстар

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау құрылымына әдістемелік ұсынымдар

    Жарияланды:
    Бұйрық

    2027 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізімін бекіту туралы

    Жарияланды:
    Басқа

    Білім беру қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру тәртібі

    Жарияланды:
    Қағида

    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

    Жарияланды: