2026 жылғы 3-тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

    -Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылғы 3-тоқсанда келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетті:

    - Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру;

    - Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу;

    - Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.

    2026 жылдың 3 тоқсанында «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру ...» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 15 мемлекеттік қызмет оң нәтижемен көрсетілді.

    Оның ішінде:

    - лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар берілді – 12, оның ішінде 1 мектепке және 11 маусымдық балалар лагеріне;

    - лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар қайта рәсімделді – 3 (3 мектеп).

    2026 жылғы 3-тоқсанда мемлекеттік қызмет көрсетуден 1 бас тарту тіркелді.

    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметі бойынша 2026 жылғы 3-тоқсанда 122 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    Оның ішінде:

    жалпы орта білім туралы құжаттар – 59;

    негізгі орта білім туралы құжаттар – 18;

    табельдер – 18;

    техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттар – 24;

    өзге құжаттар – 3.

    Аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту болған жоқ.

    Құжаттар келесі елдерде пайдалану үшін апостильденді: Грекия – 2, Словакия – 1, Польша – 5, Австрия – 4, Германия – 4, Испания – 4, Италия – 28, Бельгия – 1, Нидерланд – 1, Сербия – 1, Оңтүстік Корея – 9, Ресей – 2, Түркия – 27, Чехия – 24, Қытай – 6, АҚШ – 2, ПЭП – 1.

    2026 жылғы 3-тоқсанда мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және қызмет алушылардан түскен шағымдар тіркелген жоқ.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 2026 жылғы 3-тоқсанда 4 іс-шара өткізіліп, 453 адам қамтылды.

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қостанай облысында 446 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде:

    170 бөбекжай, оның 111-і мемлекеттік, 59-ы жекеменшік;

    276 шағын орталық, оның 275-і мемлекеттік, 1-і жекеменшік;

    267 мектепалды тобы.

    Барлық ұйымдар қызметті бастау туралы белгіленген хабарлама тәртібін сақтаған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары