
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақтоғай ауданындағы «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеттерінің дайындығын тексерді. Тексеру барысында өрт сөндіру техникасының, ғимараттар мен гараж бокстарының жағдайына, сондай-ақ өрт-техникалық жарақтар мен жабдықтардың жарамдылығы және толық жасақталуына ерекше назар аударылды.
Жеке құраммен техника мен жабдықтарды пайдалану бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Оқу барысында оларды қолдану тәртібі мен қауіпсіздік талаптары пысықталды.
Өткізілген іс-шаралардың басты мақсаты — өрт сөндіру бекеттерінің өрттер мен төтенше жағдайларға, оның ішінде қыс мезгілінің күрделі жағдайларында жедел әрекет етуге тұрақты дайындығын қамтамасыз ету.









