
Қарағанды қаласында Қазақстаннан және шетелден 1500-ге жуық спортшы қатысқан KARAGANDA BJJ OPEN Autumn 2026 халықаралық турнирі өтті.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкері Қадырбек Ербол SAM TEAM клубының құрамында 85 келі салмақ дәрежесінде, Master-2 санатында өнер көрсетіп, екі медальға ие болды: GI — турнирдің күміс жүлдегері, вице-чемпион, NO-GI — қола жүлдегер.
Осылайша Ербол тартысты бәсекеде өзінің шеберлігін, төзімділігі мен қайсар мінезін көрсетті.
Ерболды лайықты нәтижесімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!









