
Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №10 бөбекжай тәрбиеленушілері үшін танымдық викторина өткізді.
Іс-шара барысында балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері, үйде және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру тәртібі түсіндіріліп, төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігі және құтқару қызметіне 101 нөмірі арқылы қоңырау шалу тәртібі айтылды.
Балалар байқауларға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Мұндай іс-шаралар балаларға қауіпсіздік ережелерін ойын түрінде үйретуге және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.









