Есепті кезеңде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға жеке консультативтік көмек көрсетті: барлығы 6 жеке консультация өткізілді, оның ішінде 2 – мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет және бейінді мәселелер бойынша, 4 – азаматтарға бейінді мәселелер бойынша берілді.
Әдеп жөніндегі уәкілге жүгінген азаматтарға олардың өтініштері бойынша (бейінді мәселелер, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралар туралы) түсіндірмелер берілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар белсенді қолданылады. Есепті кезеңде интернет-ресурстарда барлығы 7 жарияланым орналастырылды, оның ішінде 4 жарияланым – мемлекеттік органның ресми сайтында, 3 жарияланым – әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда.
Интернет-парақшаларға тұрақты мониторинг жүргізіледі: Департамент қызметкерлеріне қатысты БАҚ-та жағымсыз жарияланымдар анықталған жоқ.
Департаментте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мәселелері бойынша бейнеконференция форматында өткен кеңеске қатысты.
2026 жылғы 25 тамызда профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Департаменттің мемлекеттік қызметшілері аумақтық департаменттерге арналған бейінді министрлік ұйымдастырған кеңес жұмысына қатысты. Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізудің қажеттілігі туралы баяндама жасады.
2026 жылғы 28 тамызда профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Департаментте басшының төрағалығымен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауға, мінсіз беделін қалыптастыруға және сақтауға, қоғамда теріс резонанс тудыруы немесе мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттер мен мінез-құлықтардан аулақ болуға, Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауға міндетті екендігіне назар аударылды.
2026 жылғы 28 тамызда Департаменттің барлық 8 (100%) мемлекеттік қызметшісі құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан ерікті түрде бас тартуды рәсімдеді (мобильді «eGov mobile» қосымшасы арқылы – құмар ойындар мен бәс тігуге онлайн форматта қатысуды ерікті түрде шектеу сервисі).
2026 жылғы 15 қыркүйекте басшының төрағалығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Департамент ұжымында мемлекеттік органдағы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін айқындау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілер елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қабылдауға әсер ететін факторларды зерделеу мақсатында анонимді сауалнамаға қатысты.
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша тоқсан сайынғы мониторинг нәтижесінде құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілер арасында ұжымда оң ахуал қалыптастыру мақсатында этикалық құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
Мемлекеттік қызметшілер «Кітап оқитын ұлт» атты алғашқы республикалық кітап оқу марафонына тіркелді.
Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің оң тәжірибесі туралы материалдар жарияланды.
Сондай-ақ халықты мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша оң тәжірибені көрсету мақсатында бейнероликтер орналастырылды.
Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілері өз құзыреттері шегінде білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне білім беру қызметі мәселелері бойынша жеке консультативтік және әдістемелік көмек көрсетуде.
Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне білім беру қызметінің мәселелері бойынша жеке кеңес беру және әдістемелік көмекті жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес мінез-құлық стандарттарын (әдеп нормаларын) ілгерілету жөніндегі қызмет мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепке жат мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Этика мен жоғары біліктілік қазіргі қазақстандық мемлекеттік қызметшінің кәсібилігінің негізі болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметте әдептілік нормаларды насихаттау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде бекітілген әдеп қағидаттарының түсіндіру жұмыстары жалғасады.



