TikTok-та балағат сөздер қолданған екі алматылық 5 тәулікке қамауға алынды

    TikTok-та балағат сөздер қолданған екі алматылық 5 тәулікке қамауға алынды

    Наурызбай аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісін мониторингтеу барысында екі жігіттің әдепсіз, былапыт сөздер айтып, балағат сөздерді қолданған видеосын анықтады. Авторлар видеодағы әрекеттерін әзіл ретінде ұсынған.

    Полиция қызметкерлері видеоға қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар 25 жастағы Стамбеков Ибраим Маратович және 21 жастағы Абдыханов Абай Калдыбаевич болып шықты.

    Аталған факті бойынша екі азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Сот шешімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 тәуліктен әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

    Полиция қоғамдық ақпарат кеңістігінде былапыт және балағат сөздерді жария түрде қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Жарияланған материалды «әзіл» ретінде көрсету жауапкершіліктен босатпайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары