2026 жылғы үшінші тоқсанда Қостанай облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында 17 мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 9 ұйым мемлекеттік аттестаттаудан өтті деп танылса, 8 ұйым мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша үлгілік оқу бағдарламасының талаптарын сақтау, бастапқы және қорытынды мониторингтерді жүргізу, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарды қалыптастыру талаптарының бұзылғаны анықталды.
2026 жылғы үшінші тоқсанда Қостанай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті орта білім беру саласында – 3 ұйымда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында – 1 ұйымда, қосымша білім беру саласында – 1 ұйымда, техникалық және кәсіптік білім беру саласында – 1 ұйымда жоспардан тыс тексерулер жүргізді.
Жоспардан тыс тексерулердің қорытындылары бойынша орта білім беру ұйымдарының 2-еуінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталып, оларды жою туралы нұсқамалар енгізілді. Сондай-ақ 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2026 жылғы үшінші тоқсанда Қостанай қаласы білім бөлімінің қызметіне жоспарлы тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталды.
2026 жылғы үшінші тоқсанда Департамент тексерулердің нәтижелері және басқа да мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар негізінде заңды және жеке тұлғаларға қатысты 11 әкімшілік іс қозғады.
2026 жылғы үшінші тоқсанда әкімшілік істерді қарау нәтижелері бойынша жалпы мөлшері 355 айлық есептік көрсеткішті (1 535 375 теңге) құрайтын әкімшілік айыппұлдар салынды.





