«KAZGUU School. Qst» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік аттестаттау қорытындысы туралы

    2026 жылдың 16-20 қарашасыаралығында«KAZGUU School. Qst»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.

    Аттестаттау комиссиясының шешімімен«KAZGUU School. Qst»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының, Негізгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.

    Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша «KAZGUU School. Qst» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы берілді.

    Қостанай облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бұйрығымен «KAZGUU School. Qst» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік аттестаттаудан өтті деп танылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары