Аудан әкімі А.Жақсылықовтың тұрғындармен жоспарлы есептік кездесулері Саркөл ауылдық округіне қарасты Қопа, Құмсай және Шұбарши елді мекендерінде өтті.
Кездесу барысында ауылдық округ әкімі М.Шүйіншалин 2026 жылдың екінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарларды баяндады.
Кездесу барысында тұрғындар елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту, өткен жылы жылы жүргізілген жол жөндеу жұмыстарын жалғастыру, абаттандыру және әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан басшысы көтерілген мәселелерді тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастыру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, халықпен тұрақты байланыс орнату, тұрғындардың ұсыныстарын ескеру және елдімекендердегі өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу мәселелеріне басымдық берілді.
Мұндай кездесулер жергілікті мәселелерді дер кезінде анықтап, олардың шешілуіне ықпал етуге және ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.









