ТАСҚОПАДА ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ: ҚОРЫТЫНДЫ МЕН МІНДЕТТЕР

    1 / 6

    Аудан әкімі А.Жақсылықовтың тұрғындармен жоспарлы есептік кездесуі Тасқопа ауылдық округінде жалғасты.

    Кездесу барысында округ әкімі Б.Нұрсұлтанов әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланып, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мүмкіндіктері сөз болды.

    Аудан әкімі округтің даму бағыттарына тоқталып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен өзекті мәселелерді шешуге қатысты міндеттерді атап өтті.

    Сапар аясында А.Жақсылықов «Тасқопа өрт сөндіру» бекетінің жұмысымен танысып, жаңадан салынып жатқан ветеринариялық пункттің құрылысын қарады.

    Жауапты тұлғаларға өрт сөндіру бекеті мен ветеринариялық пункттің ауыл тұрғындары үшін маңыздылығына тоқталып, екі нысанға қатысты жұмыстарды жүйелі жоспарлап, сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Темір ауданы әкімдігі" жаңалықтары