«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 10 жылдық мерейтойына орай сала қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Шараға аудан әкімі А.Жақсылықов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары С.Нұғманова, сала ардагерлері мен мамандары қатысты.
Шара барысында аудан әкімі сала қызметкерлерін айтулы мерейтоймен құттықтап, олардың халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы еңбектеріне алғыс білдірді.
Сонымен қатар, бірқатар қызметкерге кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып, сала жұмысының дамуына қосқан үлесі үшін корпорация тарапынан Құрмет грамоталары мен аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласы – халық пен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың сұранысына сай сапалы қызмет ұсынуда маңызды рөл атқаратын сала.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









