1 / 6
Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Нұрсіл ауылында 328-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды.
Бекет ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 19 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол жалпы саны 15 мыңға жуық тұрғыны бар екі елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Нысан жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаражаты есебінен салынды. Қазіргі уақытта бекет қажетті құрал-жабдықтармен және жеке құраммен толық қамтамасыз етілген.
Жаңа құралымның ашылуы өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, тұрғындар мен ауыл шаруашылығы нысандарын қорғауға және төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









