Аудан әкімі А.Жақсылықовтың жоспарлы есептік кездесулері Қайыңды ауылдық округіне қарасты Шибұлақ, Бабатай және Құмқұдық елдімекендерінде жалғасты.
Кездесу барысында Қайыңды ауылдық округ әкімінің м.а. М.Үмбетов округте атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, абаттандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында қолға алынған шараларға тоқталды.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Аудан әкімі округтің даму бағыттарына тоқталып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту және халықты толғандырған өзекті мәселелерді шешудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, ауылдың дамуына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.








