ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: КЕҢҚИЯҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ

    1 / 5

    Кеңқияқ ауылдық округінде 2026 жылдың II жартыжылдығы бойынша округ әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі өтті.

    Кездесу барысында округ әкімі Қ.Шуркин Бәшенкөл және Кеңқияқ ауылдарының тұрғындарына атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен міндеттерді таныстырды.

    Кездесуге қатысқан аудан әкімі А.Жақсылықов тұрғындармен пікір алмасып, көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешудің маңыздылығын атап өтті.

    Сонымен қатар аудан басшысы округ әкіміне тұрғындармен кері байланысты нығайту, өтініштерге уақытылы жауап беру, сондай-ақ округ аумағындағы санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде тапсырмалар берді.

    Есептік кездесуден кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

    Алдағы уақытта көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, ауылдардың дамуы мен көркеюіне бағытталған шаралар жалғасын табады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Темір ауданы әкімдігі" жаңалықтары